{metadescription}
Кесенеде жарылыс болып, кем дегенде 8 адам қаза тапты

Кесенеде жарылыс болып, кем дегенде 8 адам қаза тапты

Пәкістанның Лахор қаласындағы сопылар киелі санайтын орында 8 мамырда жарылыс болып, кем дегенде сегіз адам көз жұмды.

25 адам жарақат алған. Пәкістан ішкі істер министрлігінің өкілі Ариф Наваз Хан шабуылды полиция көлігі маңында әлдебір жанкештінің жасағанын хабарлады. Құрбандардың бесеуі – полицей.

Шабуыл жасалған сәтте Дата Дарбар ғибадатханасының маңында жүздеген адам жүрген. Пәкістан премьер-министрі Имран Хан шабуылды сөкті. Премьер "шабуылға дайын болғандарын, бірақ ғибадатханаға қатер төніп тұрғаны туралы хабар болмағанын" айтты.

Лахордағы кесене – Оңтүстік Азиядағы ең ірі кешендердің бірі. Мұнда жыл сайын жүздеген мың адам келіп, мінәжат етеді. Кесенеге 2010 жылы да шабуыл жасалып, 40-тан аса адам қаза тапқан. Ғимаратты күшейтілген күзет бақылайды. Сүннит экстремистері сопыларды дұшпан тұтады. Олар сопылардың мінәжат ететін орындарға бұған дейін де шабуыл жасаған.

Дерекккөз: azattyq.org

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде