Ресейде қар көшкінінен 7 турист көз жұмды
Алтай Республикасында 6 мамыр күні тоғыз адамнан құралған туристік топ қар көшкінінің астында қалды.
08:15 09.05.2019
Қар көшкіні астында қалған туристік топ құрамындағы 9 адамның 7-еуі көз жұмған, екеуі аман қалған. Агенттіктің хабарлауынша, туристер байланыс нашар аумақта жүрген.
Көшкіннен аман қалған екі турист оқиға орнына жақын Қосағаш елдімекеніне жеткізілген. Белгілі болғандай, туристер Алтайға Новосібірден келген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!