{metadescription}
Жолаушылар ұшағы Иранда апатты жағдайда қонды

Жолаушылар ұшағы Иранда апатты жағдайда қонды

Air France әуе компаниясының Парижден Мумбайға бағыт алған ұшағы орталық Иранның Исфахан қаласына апатты жағдайда қонды.

Air France әуе компаниясының  Париж-Мумбай бағытындағы ұшағы Иранның үстінен ұшып бара жатқан кезде радардан жоғалып кеткен. Ұшақ Иранның Исфахан қаласының тұсында күтпеген жерден биіктікті жоғалтып, артынша онымен байланыс та үзілген.

Әуе кемелерінің ұшуын бақылайтын Flightradar24 қызметінің мәліметінше, Парижден Мумбайға бағытталған  Air France ұшағы сигнал берген. Рейс бортында 267 жолаушы болған. Барлық жолаушылар қауіпсіз аймаққа жеткізілген, зардап шеккендер жоқ.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.