{metadescription}
Жігіт досымен ойын үшін жанжалдасып, өлтіріп алды

Жігіт досымен ойын үшін жанжалдасып, өлтіріп алды

Оқиғаға қатысты "Қасақана адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Өзбекстанның Әндіжан облысында нарды ойнап отырып досымен келіспей қалған ер адам, оны пышақ сұғып өлтірді. Оқиға 6 мамыр күні болған. Ер адам досымен нарды ойнап отырып, сөзге келіп қалады. Кейін көлікке бара жатқан жолда да жанжалдасады.

Сол кезде ол досының кеуде тұсына пышақ сұққан. Бұл факті бойынша Өзбекстан елінің қылмыстық кодексінің "Қасақана адам өлтіру" бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде