{metadescription}
Петропавлда көліктен аяқ-қолы байланған балалар табылды

Петропавлда көліктен аяқ-қолы байланған балалар табылды

Петропавлда патрульдеу кезінде Ұлттық Ұланның әскерлері автокөліктің жүк салғышынан аяқ-қолдары байланған балаларды тауып алды.

Ұлттық гвардияның 6637 әскери батальонының штаб басшысы Ерхан Мусалимов сарбаздардың күн сайын кезекшілікке шығатынын айтты. Шаһарды торуылдау кезінде сарбаздарға балаларын таба алмай жүрген әйел келіп, көмек сұраған. Қала тұрғынының айтуынша, өзі екі жұмыс істейтін болған соң балаларын үйінде жұбайы қарайтын көрінеді.

Жұмыстан соң үйіне барған әйел күйеуін де, бүлдіршіндері де таппай қалыпты. Сол маңда жүрген азаматтар жақын жердегі гараждардың бірінен балалардың дауысын естігенін айтқан.

"Жедел топты шақырып, гаражды ашқыздық. Көліктің жүксалғышында қол-аяғы байланған ағасы мен қарындасын таптық", - дейді лейтенант Темірханов. 

Айтуынша, балалардың әкесін түн жарымына дейін іздеген. Кейін оның балаларын көлікке қамап, өзі ішімдік ішуге кеткені анықталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде