БҚО-да автомобиль жүк көлігімен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты
Батыс Қазақстан облысында автомобиль жүк көлігімен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты.
08:26 10.05.2019
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 9 мамыр күні шамамен сағат 01.15 шамасында Бәйтерек ауданында орын алды. Дариян ауылының тұрғыны «ВАЗ-2170» автокөлігімен келе жатып, Орал-Кирсанов жолының 15-шақырымында, Володар ауылының тұсында қарсы бетке шығып кеткен. Сөйтіп 1958 жылғы азамат айдап келе жатқан «DAF CF» жүк көлігімен соқтығысуға жол берген. Соның салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.
«Қазіргі кезде аталған оқиға бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәлімет бойынша оқиға орнында сағат 02.08-де болған құтқарушылар (4 адам, 1 техника) 2001 жылғы жүргізушінің дене бөліктерін жинап алған. Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекпеген. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда бірнеше көлік соқтығысып, үш адамның жарақат алғанын жазған болатынбыз.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!