БҚО-да 11 жасар оқушы сыныптасының көзіне қалам тығып алды
Батыс Қазақстан облысы Жанғалы ауданындағы №3 орта мектептің бесінші сынып оқушысы сыныптасының көзіне зақым келтірді.
10:09 10.05.2019
Оқиға дүйсенбі, 6 мамырда болған. Аудандық білім бөлімінің жетекшісі Елжас Қадыровтың айтуынша, 11 жасар жасөспірімнің партаның үстіне лақтырған қаламы ұшып кетіп, басқа оқушының көзіне барып тиген. Бұл уақытта мұғалім сабақта болмаған, ол мектеп директоры өткізген жиналысқа шығып кетеді.
"Мектептің мейірбикесі балаға алғашқы жәрдемді көрсетті, содан кейін оны ауруханаға жеткізді", - деді Қадыров.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқушының көзінің ішкі қабығына зақым келген. Облыстық аурухананың офтальмологиялық бөлімшесінде оған операция жасалды. Дәрігерлер баланың жағдайын қалыпты деп бағалап отыр.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!