{metadescription}
Қылмыс әлемінің белсендісі босап шыққаны үшін, 3 дәрігер ұсталды

Қылмыс әлемінің белсендісі босап шыққаны үшін, 3 дәрігер ұсталды

Қырғызстанда қылмыс әлемінің белсендісі Азиз Батукаев заңсыз босап шыққаны үшін, жазаны орындау қызметінің бұрынғы үш дәрігері ұсталған.

Оларды тергеу абақтысына қамаған. Бұл жөнінде азаптауға қарсы ұлттық орталықтың жетекшісі Нурдин Сулайманов хабарлаған. ІІМ әзірге түсініктеме бермеді.

2013 жылы Нарын қалалық соты дәрігерлер шығарған қорытынды бойынша Азиз Батукаевты мерзімінен бұрын бостаныққа шығарған. Сол күні ол Ресейге ұшып кеткен. Бұл оқиға қоғамды дүр сілкіндірген. Биыл сәуір айында бас прокурор Откурбек Жамшитов Батукаевқа қарсы тергеу ісін қайта жаңартқанын мәлімдеген. Осыдан кейін дәрігер Эмил Макимбетов ұсталған.

Дереккөз: centralasian.org

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде