{metadescription}
Петропавлда шағын автобус өртеніп кетті

Петропавлда шағын автобус өртеніп кетті

Петропавлда шағын бағдарлық автобус өртеніп кетті.

Куәгерлердің айтуынша, өрт шамамен сағат 19: 30-да басталған. Ол кезде автобустың ішінде адамдар болған. Абырой болғанда, жолаушылардың барлығы автобустан шығып үлгерді. Қоғамдық көліктің өртенген видеосы әлеументтік желіде жарияланды. Өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кезінде ешкім зардап шекпеген. Өрт сөндірушілер келгенше көлік құралының іші толығымен өртеніп кетті. Қазірге өрттің шығу себебі анықталуда.

Жолаушылар тасымалы саласындағы сапа мен автобус паркін жаңарту қалалық және облыстық әкімдікте жиі талқыланады. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов таяуда ғана Петропавл әкімі Болат Жұмабековке қоғамдық көлік мәселесімен айналысуды тапсырған болатын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде