Журналист Сергей Доренко қайтыс болды
Мәскеуде «Говорит Москва» радиостанциясының журналисті және бас редакторы Сергей Доренко қаза тапты.
13:47 10.05.2019
Қайғылы жағдай туралы марқұмның әріптесі, "Эхо Москвы" радиостанциясының бас редакторы Алексей Венедиктов баяндап берді. Венедиктовтың сөзінше, жол полициясында Доренконың мотоциклды басқара алмай, қарсы жолаққа шығып, бетон қоршауға соғылғанын айтқан.
Мәскеу облыстық «360» телеарнасы мотоциклдің алдымен қалай қарсы бағытқа шығып кеткені, содан кейін құлап бара жатқаны түсірілген видеоны жариялады. Алдын-ала болжам бойынша, журналист өткір жүрек жеткіліксіздігінен көз жұмған болуы мүмкін. Бірақ, Доренконың нақты неден қайтыс болғандығы сараптама жүргізілгеннен кейін ғана белгілі болмақ.
Доренко журналистік мансабын 1985 жылы бастаған. Ол БМТРК және ҚРТ арналарында жұмыс істеп, тәуелсіз позициясымен, өткір пікірлерімен көрермендер көңілінен шыға білген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!