Елордада дүкен тонаған жігіт жасырын камераға түсіп қалды
Елордалық полицейлер Нұр-Сұлтан қаласында дүкен тонаған жас жігітті қамауға алды.
15:20 10.05.2019
Бұл жайында Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті мәлімдеді. Бетін медициналық маскамен жасырған қылмыскер сатушыны пневматикалық қарумен қорқытып, кассадағы ақшаны беруге мәжбүрлеген. Осыдан кейін ол ақшаны алып қашып кеткен.
Елордалық департаменттің жедел қызметкерлері тонаушыны аз уақыттың ішінде ұстады. Ол 23 жастағы Алматы облысының тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта ұсталған азамат полиция департаментінің уақытша оқшаулағышына қамалды. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің "Тонау" бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!