{metadescription}
Ханзада Гарридің ұлы жөнінде жазған журналист жұмыстан қуылды

Ханзада Гарридің ұлы жөнінде жазған журналист жұмыстан қуылды

BBC корпорациясы жүргізуші Дэнни Бейкерді патшалық әулетте дүниеге келген сәби жөнінде твиттерге пост жазғаны үшін, жұмыстан қуылды.

Ол қолдарына шимпанзе ұстаған екі жұптың суретін салып, "патшалық әулеттің сәбиі перзентханадан шықты" деп жазған.

"Қазір ғана BBC 5 жүргізушісін жұмыстан кетірді", – деп жазады твиттерге 61 жастағы журналист.

Бейкердің Твиттердегі 500 мыңға жуық оқырманы оны нәсілшіл деп айыптады. Бірер күн бұрын британ ханзадасы Гарри мен оның зайыбы Сассекс герцогинясы Меган ханым көпшілікке 6 мамырда дүниеге келген ұлы Арчи Харрисонды көрсеткен. Былтыр ханзадаға тұрмысқа шыққан америкалық актриса Маркл Меган британ королдік династиясы тарихындағы алғашқы африкалық мүшесі. BBC жүргізушісі кейін халықтан кешірім сұрады.

Дереккөз: centralasian.org

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде