Президент сөйлеп тұрған кезде иығына тарақан шығып кетті
Президент ірі жәндіктен қорыққан жоқ, ол оны киімінен өзі қағып түсірді.
00:55 11.05.2019
Филиппин президенті Родриго Дутерте ел парламентінің жоғарғы палатасында сөз сөйлеп тұрған кезде оның үстіне тарақан шығып алды, сясаткер еш қорыққан жоқ. Мемлекет басшысының көмекшісі қолындағы құжаттармен жәндікті қағып түсірмекші болып еді, онысынан түк шықпады.
Дутерте оны өзі жерге түсіріп, аяғымен жаншып тастады, ал содан кейін ештеңе болмағандай сөзін әрмен қарай жалғастырды. Мемлекет басшысы шақырылмаған "қонақты" Либералдық партиядағы саяси қарсыластарым жіберген болуы мүмкін деп қалжыңдап, болған жайтқа аса мән бермеді.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!