{metadescription}
Ұшқыш әуеде талып қалып, 40 минут бойы ес-түссіз ұшқан

Ұшқыш әуеде талып қалып, 40 минут бойы ес-түссіз ұшқан

Осы жайттан кейін барлық ұшқыштар ұшар алдында неше сағат ұйықтағаны және тамақтанғаны туралы есеп беруге міндеттелді.

Ұшқыш тағылымдамадан өткен. Австралияның транспорттағы қауіпсіздік бюросы (ATSB) зерттеу жүргізіп, ұшқыштың жұмысқа кіріспей тұрып бір тәулік бойы ұйықтамағанын анықтады. Басы ауыра бастағанда пилот ұшақты автопилот режиміне ауыстырады. Диспетчерлер онымен хабарласа алмай, мұхиттың үстімен ұшып бара жатып, ұшқыш есін жиған кезде ғана байланыс орнатқан. Абырой болғанда, пилот ұшақты диспетчерлердің көмегімен Парафилдке аман-есен қондырды.

Ол таңғы асқа шоколад қана жеп, артынан энергетикалық сусын ішкен. 5,5 (1,6 км) футтық жерде басы қатты ауыра бастаған ұшқыш автопилотты қосып, бір сағатқа жуық уақыт көлемінде есінен танып қалған. Әуедиспетчерлік  қызмет бірнеше рет онымен байланысқа шығуға тырысты. Бірақ әрбір талпыныс сәтсіздікпен аяқталды. Ұшқыш есін жиғаннан кейін әуе кемесін өз күшімен жерге қондырды. 

Тағылымдамадан өтуші Порт-Огаста әуежайынан Оңтүстік Австралияға, Парафилдқа жеке рейспен шыққан. Осы жағдайдан кейін ұшқыш тағылымдамадан өткен жазғы мектеп басқа ұшқыштарға таңғы асқа не жегендерін айтып тұруды міндеттеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде