{metadescription}
Ресейдің ең қарт тұрғыны өмірден озды

Ресейдің ең қарт тұрғыны өмірден озды

Ресейдің ең ұзақ жасаған қарт тұрғыны, Ингушетияда тіршілік кешіп жатқан Аппаз Илиев 123 жасында қайтыс болды.

«Аппаз Лоросұлы екі дәуірді бастан кешті, 8 бала, 35 немере және 20 шөбере өсірді. Әрқашанда жайдары, өмірге құштар жан болатын. Өзімен бірнеше рет кездескенімде осыған көзім жетті», - деп жазды Евкуров өзінің  Instagram-дағы парақшасында.

Өңір басшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, дүйсенбіде ұзақ жасаушы қария Ингуш республикалық клиникалық ауруханасына  қатты ауырып түскен.Содан есін жия алмаған. Илиев 1896 жылы 1 наурызда Ингушетияның таулы Джейра ауданындағы  Гули елді мекенінде дүниеге келген. Бұған дейін Ингушетия билігі оның ғаламшардың ең қарт тұрғыны атануы үшін тиісті құжаттарды дайындаумен айналысатындықтарын мәлім еткен болатын.  

Дереккөз: ҚазАқпарат


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде