{metadescription}
Иван Дычко өзінен 20 жас үлкен қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

Иван Дычко өзінен 20 жас үлкен қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

Дычко сегізінші жекпе-жегінде америкалық боксшы Рэй Остинге қарсы шықты.

Жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко америкалық Рэй Остинді үшінші раундта тізе бүктірді. Айқас үш раундқа ғана созылды. Өзінен 20 жас үлкен, салмағы 29 келі ауыр Рэй Остин көпке барған жоқ және бұған дейін 29 рет жеңіске жетсе, тоғыз рет жеңілген екен. Өзінен жас әрі қайратты Иваннан үшінші раундта техникалық нокаут алды. Иван Дычко кәсіби бокстағы сегізінші жеңісіне қол жеткізіпі отыр. Боксшы осыған дейін барлық кездесуін мерзімінен бұрын аяқтап келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде