{metadescription}
Павлодарлық оқушы Австралиядан қола медаль жеңіп алды

Павлодарлық оқушы Австралиядан қола медаль жеңіп алды

Қазақстан құрама командасы құрамында Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Дияр Түленов Австралияда физикадан қола медаль жеңіп алды.

Білім беру мекемесі баспасөз қызметінің мәліметінше, 20-шы Азия олимпиадасына Бангладеш, Камбоджа, Қытай, Үндістан, Индонезия, Израиль, Малайзия, Моңғолия, Пәкістан, Румыния, Ресей, Сингапур, Шри-Ланка, Қазақстан, Сауд Арабиясы, Түркия, Тайланд, Тайвань, Вьетнам сияқты әлемнің 22 елінің физиктері қатысқан.

«Олимпиада қорытындысы бойынша еліміздің құрама команда мүшелері үш қола медальді жеңіп алды. Бүгінгі таңда Диярда үш университеттің гранты бар. Нақтырақ айтатын болсақ, бұл – Ресейдің жоғары экономика мектебі, Назарбаев Университеті және Қазақ-Британ университеті. Оған қоса, 2018 жылдың желтоқсанында Дияр еліміздегі ең мықты 8 физиктің қатарына енген болатын. 7-сыныптан бастап физика пәнінен Назымгүл Кәрімова дайындап келеді», - дейді баспасөз хатшысы Рымгүл Божақанова.

Физикадан Азия олимпиадасы – Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің оқушылары арасында жыл сайын өтетін бірегей зияткерлік жарыс 2000 жылдан бері 19 жыл өткізіліп келеді.

Дереккөз: pavlodarnews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде