Алматыда көлік апатынан 9 адам көз жұмды
Алматы-Бішкек тас жолындағы жол апатынан 9 адам қайтыс болды.
10:38 13.05.2019
Қайғылы оқиға 12 мамыр күні болған. Lada автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып, басқа көлікпен соқтығысқан. Жол апатынан 9 адам көз жұмды.
«Lada және Toyota Camry көліктерінің соқтығысуынан қаза тапқандардың үшеуі әйел адам. Марқұмдардың кім екені анықталды. Олар Алматы, Түркістан және Алматы облыстарының тұрғындары. Алдын-ала болжам бойынша Lada көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, қарсы бағыттағы көлікке соғысқан. Сот-алды тергеу ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша жүргізілуде»,-деді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Тергеу барысын Алматы облыстық Полиция департаменті бақылауға алды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!