{metadescription}
Баландин әлемдік турнирдің ІІ кезеңінде қола жүлдегер атанды

Баландин әлемдік турнирдің ІІ кезеңінде қола жүлдегер атанды

Будапештте жүзуден әлемдік Champions Swim Series турының екінші кезеңі аяқталды.

Қазақстандық Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуден қола жүлде жеңіп алды. Баландин аталған қашықтықты 2:10.73 уақыт көрсеткішінде жүзіп өтіп, үздік үштікке енді. Әлемдік турнирдің бұл кезеңінде ресейлік Антон Чупков тағы да көш бастаған. Оның уақыт көрсеткіші - 2:08.23.

Екінші орында 2:08.61 нәтижесімен жапондық Иппэй Ватанаба, деп хабарлайды Olympic.kz. Тап осы жапондық спортшы 200 метрге брасс әдісімен жүзуден әлемдік рекордтың иегері (2:06.67). Аралас эстафетада Дмитрий Баландин екінші рет қола медаль иеленді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде