{metadescription}
Тікелей эфирде тірі сегізаяқты жемек болған қытай қызының жан дауысы шықты

Тікелей эфирде тірі сегізаяқты жемек болған қытай қызының жан дауысы шықты

Блогер тірі сегізаяқты жеп, дүйім жұртқа танымал болғысы келген.

Ол қолданушылардың назарын аудара білді, алайда бәрі өзі жоспарлағандай болмады. Оқиға YouTub-те тікелей эфирде болды. Видеодан сегізаяқ блогердің бетіне жабысып, қорғанып жатқанын көруге болады. Алдымен қыз өзін байсалды ұстайды, алайда су жәндігінің оңай жебере салмайтынын сезіп, абыржып, айғайға басады.   

Ақыр соңында қытайлық блогер сегізаяқты қатты тартып жұлып алады да, бетіндегі қанаған жараны көреді. Видео кейіпкері жәндікті басқа жолы жеуге уәде берді.  

Қыз екі апта бұрын блог жүргізуді бастаған екен. Осы уақыт ішінде түрлі теңіз өнімдерін жеген, ал бұдан бұрынғы видеосында өз роликтерінің ешқайсы танымал болмағанын айтыпты. Күлкілі оқиғаның 50-секундтық жазбасы қытай әлеуметтік желілері арқылы жылдам таралып кетті.  

Дереккөз: sputniknews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде