Шотландтық ер адам 1,5 жыл бойы тамақ ішпеген
Ер адам бар болғаны 27 жасында 200 келіден артық салмақ жинаған екен.
12:04 13.05.2019
Шотландтық ер адам 1,5 жыл бойы тамақ ішпеген. Ангус Барбиери есімді жігіттің басынан өткен қилы оқиға. Арықтау үшін ер адам қатты тағамнан толық бас тартып, сумен ғана күн көрген. Әлбетте ол сәт сайын дәрігерге барып қаралып отырған. Уақыт өте ол аштыққа төзімді екенін түсінген.
Осы күйі ер адам 1,5 жылға жуық қатты тағам ішпеген. Тек су ішіп, кофе мен шырын ішіп қана күн көрген. Диета соңында оынң жеген алғашқы тағамы суға піскен жұмыртқа мен бір тілім нан болған. Алдағы 5 жылда ер адам 7 келі ғана қосқан екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!