{metadescription}
Тель-Авивте «Eurovision-2019» байқауы ашылды

Тель-Авивте «Eurovision-2019» байқауы ашылды

Қала орталығындағы Габим театры маңындағы алаңдағы «қызыл жолақтан» байқауға қатысушылар мен қонақтар өтті.

Фестивальдің ашылу рәсіміне 41 делегация қатысты. Олар Хабим алаңындағы кілемде жүріп өтті. Биыл қатысушылар сарғылт түсті кілемнен өтеді. Тель-Авив қаласының мэрі мен оның жұбайы және «Евровидения» байқауының өткен жылғы қатысушылары салтанатты рәсімнің арнайы қонағы болды. Байқаудың бірінші жартылай финалы 14 мамырға жоспарланған. Онда 17 ел финалдағы 10 орын үшін бақ таластырады. Конкурстың екінші жартылай финалы 16 мамырға жоспарланған. Онда 18 мемлекеттің өнерпаздары финалдағы 10 орын үшін таласады.

Ақтық сайыс 18 мамырда Көрме орталығында өтеді. Бұл байқауға Ресейден белгілі әнші Сергей Лазарев «Scream» әнімен қатысады. Израильдің телеарналары байқау өтетін қалада қауіпсіздік шаралары барынша қамтамасыз етілгенін хабарлап жатыр. Байқау алаңын 20 мың полиция қызметкері күзететін болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде