{metadescription}
Қазақстандағы президент сайлауының әділдігін кімдер бақылайды?

Қазақстандағы президент сайлауының әділдігін кімдер бақылайды?

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу 3 маусым күні сағат 18:00-ге дейін жалғасады.

Орталық сайлау комиссиясы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы қаулы қабылдады.

«13 мамырда ОСК «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымның бақылаушыларын аккредиттеу туралы» қаулыны қабылдады. Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша, аккредиттеу үшін, ДИАҚБ/ЕҚЫҰ (Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро) құрманыда 22 ұзақ мерзімді бақылаушы енгізілді», - дейді ОСК мүшесі Зәуреш Баймолдина. 

Аккредиттеуге ұсыныстардың келіп түсуіне қарай байқаушылар жөніндегі деректер жаңартылып отырады. Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы 4 халықаралық ұйымнан 45 байқаушыны аккредиттегенін хабарлаған еді.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде