{metadescription}
Түркістан облысында ауызашар кезінде жарылыс болып, 2 адам көз жұмды

Түркістан облысында ауызашар кезінде жарылыс болып, 2 адам көз жұмды

Түркістан облысындағы Сайрам ауданында ауызашар кезінде жарылыс орын алды.

Сайрамдағы дәмханалардың бірінде 50 литрлік газ балон жарылды. Оқиға салдарынан бес жасар бала мен 61 жастағы тұрғын көз жұмып тағы 12 адам күйіп қалды.

«5 жасар бала 11 мамырда, ал 1958 жылы туған науқас бүгін қайтыс болды. Қалған науқастар облыстық күйікті емдеу орталығына ауыстырылды»,- дейді Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Мира Сүлейменова.

Оқиға 9 мамыр күні болған. Кафенің иесі бірнеше жыл бойы шауырма дайындап сатумен айналысқан. Қазіргі кезде сарапшылар оқиғаның себептерін зерттеп жатыр.


 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде