Букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасалды
Шымкентте букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасалды.
12:05 14.05.2019
Бетіне бетперде киіп, қаруланған күдікті кеңседегі ақшаны тонамақ болған. Қалалық ПД мәліметінше, букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасаған күдікті көп ұзамай қолға түкен.
«Қарақшылық шабуыл кезінде кассир абдырап қалмай, дабыл нүктесін басып үлгерген. Дабыл қаққыштың дыбысынан қорқып, күдікті қылмыс орнынан қашып кеткен. Жедел-тергеу тобы оның жеке басын анықтап, ұстады. Қамауға алынған адам Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты», - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 192-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!