Дәрігерлер су астында 25 минут тұншығып жатқан баланы өмірге қайта оралтты
13 жастағы Каспер Крауз 25 минут бойы су астында қалып қойған.
12:37 14.05.2019
Ұлыбританияның Камбрия патшалығында дәрігерлер су астында 25 минут жатқан баланы құтқарып қалды. Баланы өзеннен алып шыққанда оның жүрегі соқпай тұрған. 13 жастағы жеткіншек Каспер Краузені құтқаруға өрт сөндірушулір, полицейлер мен жедел қызмет мамандары атсалысты. Баланы тікұшақпен бірден ауруханаға жеткізген.
Балаға экстракорпоральды мембраналық оксигенация жасады. Қанына шұғыл оттегі құйды. Осылайша баланsң қанын қыздырды. Дене температурасы салқындап кеткен еді. Ақырында дәрігерлер Краузені аман алып қалды. 7 мамыр күні жеткіншек ата-анасымен қайырымдылық ұйымына барып қайтты. Тілшілермен сұхбаттасты.
«Күн сайын жағдайы жақсарып келеді. Оның аман қалғаны бәрімізге таңғажайып оқиға болды», - деді анасы Виолетта.
Анасы тікұшақ жедел қызметіне алғысын айтты. Оларды «Өз ісінің маманы» деп атады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!