{metadescription}
Психикалық ауытқуы бар ер адам 15 жасар бозбаланы зорлаған

Психикалық ауытқуы бар ер адам 15 жасар бозбаланы зорлаған

Наманган облысы Чартак ауданындағы орта мектеп директоры 12 мамырда сегізінші сынып оқушысы зорланғанын растады.

Наманган құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Өзбекстан бас прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Наманган облысының Уйчин ауданында болған. Мектеп директорының айтуынша, оқушыны зорлап қана қоймай, оны аяусыз ұрған.

"Оқиға оқушының немере ағасының үйінен қайтып келе жатқанда болған. Қазір ол ауруханада жатыр. Оның бет-аузы, денесі көгерген. Тергеу жүріп жатыр. Қылмыскер ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды. Бұған дейін ол кісі зорлағаны үшін сотталған екен", - деді мектеп директоры.

Жәбірленушінің бір туысының айтуынша, күдікті баланы жұмыс тауып берем деген уәдемен алдаған. "Әуелі ол баладан кірпіш өре аласың ба деп сұраған, еңбегіне ақы төлейтінін айтқан. Оны ешкім жоқ жерге алып барып, зорлауға талпынған. Бала қарсылық көрсеткен, сол кезде күдікті оны есінен танғанша ұрған", - деді жәбірленушінің бір туысы. Бас прокуратураның баспасөз қызметі күдіктінің психикалық ауытқулары бар екенін де хабарлады.

Дереккөз: centralasian.org

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде