{metadescription}
Білім министрлігі түлектер кешін мектепте өткізуді ұсынды

Білім министрлігі түлектер кешін мектепте өткізуді ұсынды

ҚР Білім және ғылым министрлігі түлектер кешін қымбат шараға айналдырмай, оны мектеп қабырғасында өткізуді ұсынды.

Оқу жылының аяқталуына орай, оқушылар мен ата-аналарды мектеп бітіру кешін өткізудің форматы алаңдатады. Ата-аналар комитетінің ақша жинайтындығы туралы хабарлама жиі түседі. Бұл отбасы бюджетіне салмақ салады, деп жазады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство мектеп бітіру кешін дәмхана, мейрамханаларда емес, мектеп қабырғасында өткізуді ұсынды. Сондай-ақ, министрлік түлектер кешінің мақсаты сәнді киімдер мен мол дастарқанды көрсету емес екенін еске салды. Бұл кеш балалар, мұғалімдер мен ата-аналардың есінде қаларлық мектепішілік жиын деп атап өткен. 

«Министрлік мектеп бітіру кешінің мақсатын сәнді киімдер мен мол дастарханды көрсету емес, шын жүректен, жақсы ұйымдастырылған шара ретінде балалардың, мұғалімдер мен  ата-аналардың есінде қаларлық мектепішілік жиын деп есептейді. Мектеп бітіру кешінің форматы қымбат әрі сән-салтанатқа толы кеш болмауы керек. Жылдар бойы тұлғаны қалыптастыруда талмай еңбек еткен педагогтар мен  ата-аналар және бүгін мектеп қабырғасынан түлеп ұшып, үлкен өмірге қадам басып жатқан кештің басты кейіпкерлері - түлектер арасындағы жылы диалог түрінде өткені абзал. Аталған кеште оқуда озат, жетістікке жеткен, мектеп, аудан, қала, облыс, республикалық, халықаралық деңгейдегі спорттық, интеллектуалдық жарыстарда жеңімпаз болған, мектептің қоғамдық өміріне белсенді атсалысқан балаларды құрметпен атап өту - орынды», - деді ведомстводан.

Министрлік өкілдері кеште түлектер мен ұстаздар арнайы бағдарлама дайындап,  мектеп ішінде де қызықты етіп, ұйымдастыруға болатынын алға тартады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.