Алматыда сүйіктісімен аймаласқан троллейбус жүргізушісі ұятқа қалды
Алматыда троллейбусты тізгіндеген жүргізуші әйел мен ер адамның аймаласқан сәті видеоға түсіп қалған.
16:50 14.05.2019
Троллейбус жүргізушісі мен оның сүйіктісінің әрекеттерін қоғамдық көліктегі камера түсіріп алған.
"Кешірім сұраймыз. Қазір қызметтік тергеу жүргізіп жатырмыз", - деді "Алматыэлектротранс" өкілдері.
Бұл видео әлеуметтік желіде жылдам тарап кетті. Желіде тараған видео кадрларынан байқалғандай, жүргізуші әйел рөлде отырған кезде жанында отырған ер адам оның иығынан сүйіп, төсін аймалайды.
InAlmaty басылымының мәліметінше, компаниядағылар оқиғаны растады. Қазіргі уақытта қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Олар жүргізушіні тәртіптік жазаға тартатынын мәлімдеді. Компания бұл роликтің кейіпкерлері ерлі-зайыптылар екенін атап өтті. Алайда бұл жүргізушінің жазасын жеңілдетпейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары