{metadescription}
Өрмекші адамның киімін киген 4 жасар бала сегізінші қабаттан секіріп кетті

Өрмекші адамның киімін киген 4 жасар бала сегізінші қабаттан секіріп кетті

«Өрмекші адамның» киімін киіп алған бала 8-ші қабаттан құлап аман қалған.

Ең қызығы аталмыш бала бар болғаны 4 жаста болып шықты. Грузияның Тбилиси қаласында Өрмекші адамның костюмін киген бала 8-қабаттың терезесінен секіріп кетіп аман қалды. Басылым мәліметінше, 4 жасар бала пәтерде әжесімен бірге болған. Ол немересінің өз бөлмесінде ойнап отырғанына сенімді болыпты. Кейуанаға болған оқиға туралы көршілері айтқан.

Куәгерлердің топшылауынша, бүлдіршін сүйікті кейіпкеріне еліктеп, соның әрекетін қайталамақ болған. Ол көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қазір баланы дәрігерлер тексерген. Оның денсаулығына төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде