Жігіт белгісіз біреуге өз қалыңдығын зорлауды ұсынған
Бойжеткен жігітінің өзіне ұсыныс жасайтынын күтіп жүрген.
12:03 15.05.2019
Ұлыбританиялық бойжеткен өзі төрт жыл кездескен жігітінің белгісіз біреуге өзін зорлатпақ болғанын білген. Оның ойын білген қыз қатты таң қалған. 20 жастағы бойжеткен жігітінің телефонынан оның белгісіз біреумен жазысқан хатын оқыған. Жігіті әлеуметтік желіде оған қалыңдығын зорлауды ұсынған.
Бойжеткен жігітінен бұл жағдайды түсіндіруді талап еткен. Жігіті «өзінің дұрыс жасамағанын және өзін сол үшін жек көретінін» айтып ақталған. Бұл оқиға туралы қыздың құрбысы әлеуметтік желіде жария еткен. Бойжеткен бұл ақпаратты растады.
«Соншама жыл қарым-қатынасымыз болса да, мен ойлаған адам болмай шықты», - деді бойжеткен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!