Жарты жыл көңіл қосқан ғашықтар үйленер кезде туыс екендерін білді
Қыздың әкесі мен жігіттің анасы туыс болып шыққан.
12:38 15.05.2019
Бойжеткен бес ай кездесіп жүрген жігіті өзінің жақын туысы екенін білді. Gelicca деген қолданушы жазғандай, Hinge танысу қосымшасында жас жігітпен танысып, бірден ғашық болып қалады. Бес ай бойы қыз-жігіт болып жүрген соң, жастар үйленуге шешім қабылдап, бір-бірінің ата-анасымен танысқысы келген.
Ғашықтар ата-аналарын мейрамханаға шақырыпты. Қыздың әкесі жігіттің анасымен амандаспақ болып, орнынан тұрғанда шындықтың беті ашылды.
"Түрі бозарып кетті. Себебі алдында немере әпкесі тұр еді. Бірнеше секундтан соң ол да әкемді таныды", - деп Gelicca туыстарымен қалай танысқанын еске алды.
Отбасылар бір-бірінен жырақта тұрғандықтан, туысқандар ұзақ уақыт бойы көріспепті. Ақыры соңында қыз бен жігіт айырылысты, себебі отбасы діни ұстанымда екен. Бойжеткен қатты қиналғанын жасырмады.
Дереккөз: Sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!