Теннисші ойын кезінде дәретханада ұзақ отырамын деп жеңіліп қалды
Колумбиялық тенниссші Даниэль Галан дәретханада тым ұзақ отырып, франциялық Констан Лестьеннге қарсы ойында жеңіліп қалды.
15:54 15.05.2019
Ойын Германияның Хейльбронн қаласында өткен. Ойынның үшінші сетінде есеп Лестьеннің пайдасына 2:1 болған. Ойындар арасындағы үзіліс кезінде колумбиялық теннисші корттан шығып, дәретханаға барған.
Алайда ол үзіліс соңына дейін қайтып келіп үлгермей, төреші оған айыппұл салыпты. Галан кортқа қайтып келгенде, есеп Лестьеннің пайдасына 40:0 болған. Ойын франциялық теннисшінің пайдасына 5:7, 7:6, 6:3 есебімен аяқталды. Екі спортшы да Кәсіби тенниссшілер қауымдастығының жүздігіне кірмейді.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!