Алматыда манипулятор 3 әйелді басып қалды
Алматыда манипулятордың қатысумен ТЖ орын алып, нәтижесінде үш адам зардап шекті.
16:40 15.05.2019
Оқыс оқиға 14 мамыр күні «Айгерім» шағын ауданында болған. Манипулятор кранның тіреуі құлап кетіп, ауыр техника көшеде кетіп бара жатқан үш әйелді басып қалған.
«Арнайы сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осы сараптаманың нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі», - деді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі.
Ал inalmaty.kz порталы манипулятордың адамдарды жаншып өтпегенін, керісінше, оның құлап кетіп, әйелдерді жаншып тастаған жеткізді. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жапа шеккен адамдардың №7 Қалалық клиникалық ауруханасына жатқызылып, қазіргі таңда олардың жан сақтау бөлімшесінде екендігін хабарлап отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!