Алдағы тәуліктерде күн жылынады
«Қазгидромет» РМК 16-18 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.
17:07 15.05.2019
Алдағы үш тәулікте Батыс Сібірден Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарына ығысқан суық антициклон әсерінен республиканың орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында күн суытады.
Бірақ мамыр процестері тұрақсыз. 17-18 мамырда солтүстік ауа ағындары батысқа ауысады. Осылайша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы тез көтеріледі. Еске салайық, 15 мамырда Өскеменде қысқа мерзімді қар жауған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!