{metadescription}
Қызылорда облысында 13 әскери қаза болған тікұшақ апатынының себебі анықталды

Қызылорда облысында 13 әскери қаза болған тікұшақ апатынының себебі анықталды

Қызылорда облысында Ми-8 әскери тікұшағының апатқа ұшырауы бойынша тергеу жұмыстары аяқталды.

Бұл туралы Қазақстанның қорғаныс министрлігі хабарлайды.

"Тергеу қорытындысы бойынша комиссия тікұшақ күтпеген метеорологиялық факторлардың кесірінен апатқа ұшырады деген шешімге келді. Ауа райының алдын ала болжау мүмкін емес құбылысы мен адами фактор салдарынан тікұшақ қиын жағдайдағы режимде ұшып, ақыры соңында әуеде қираған", - деп хабарлады ведомство.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тікұшақ экипажы аман-есен қону үшін бар күш-жігерін салып, соңына дейін күрескен. Еске сала кетсек, 27 наурызда Қызылорда облысында Ақтаудан Шымкентке ұшып бара жатқан тікұшақ құлады. Апат салдарынан 13 әскери қызметкер қаза болды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.