{metadescription}
Қайрат Сарымсақов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қайрат Сарымсақов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Ұлыбританияның Манчестер қаласында таеквондодан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Қайрат Сарымсақов қола жүлдегер атанды.

Ұлттық олимпиада комитетінен түскен мәліметке қарағанда, жарыстың үшінші күні Қазақстан құрамасының капитаны 74 кг салмақта жүлдегерлер қатарынан көрінді. Біріншілікті қарқынды бастаған Қайрат әуелі косоволық спортшыны 14:5 есебімен ұтты. Содан кейін жапониялық қарсыласын 5:3 есебімен тізе бүктірді.

Үшінші кездесуінде португалиялықты 10:7 есебімен жеңді. Ширек финалда Қ.Сарымсақов аустралиялық таеквондошыдан 12:7 есебімен айласын асырды, деп жазады Olympic.kz. Тек жартылай финалда ғана иорданиялық, Рио Олимпиадасының чемпионы Ахмад Абугауштан 3:7 есебімен ұтылып қалды. Осылайша Қ.Сарымсақов Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салды. 57 кг салмақта сынға түскен Ботагөз Қапанова бірінші жекпе-жегінде марокколыққа есе жіберді.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.