Батыр Жүкембаев мексикалықты бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді
Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев мексикалық Луис Хесус Видалеспен (13-6, 6КО) жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті.
17:13 18.05.2019
Қазақстандық боксшы кәсіби рингтегі 16 жекпе-жегін нокаутпен аяқтады Жартылай орта салмақтағы 10 раундтық жекпе-жек Канаданың Монреаль қаласындағы Montreal Casino ойын-сауық кешенінде өтті. Батыр бірінші раундтың соңында техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Жүкембаев кәсіби рингте 16 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті, бұл 12-ші нокауты. Соңғы рет қазақстандық өткен жылдың қазанында нокаутпен жеңген еді. Ал Видалес карьерасында жетінші рет жеңіліске ұшырады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!