{metadescription}
ҚР Президенті бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасады

ҚР Президенті бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа елшілерді тағайындады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен сыртқы істер органдарында бірқатар ауыс-түйістер болды. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен:

Ерлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне; 

Нажмедин Мұхаметәлі Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне; 

Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне; 

Жанна Сәбитқызы Сартбаева Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен:

Бекетжан Махатжанұлы Жұмаханов Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, 

Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан;

Ержан Серікұлы Мұқаш Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде