{metadescription}
Алматы маңында қоқыс полигонындағы өрт толық сөндірілді

Алматы маңында қоқыс полигонындағы өрт толық сөндірілді

Алматы маңындағы қоқыс полигонындағы өрт бүгін кешкі сағат 18:10-да толық сөндірілді.

«Қоқыс полигонындағы бықсыған өрт бүгін 18:10-да толық сөндірілді. Өрт аумағы 1 гектар жерді қамтыды. Бықсу ошақтарын көму, су себу жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде үш күнде КА-32 және МИ-8 тікұшақтары 840 текше метр суды өртенген аумаққа септі. Арнайы техника 3 мың текше метр топырақ жеткізді. Тілсіз жауды ауыздықтауға Алматы облысы мен Алматы қаласы жергілікті атқарушы органдарынан, Алматы облысы мен қаласы ТЖД-дан, Алматы құтқару қызметінен, Ұлттық ұлан, «Қазселденқорғау» мекемесінен, «KAZ Waste Converrsion» ЖШС-нан 97 техника және 148 адам жұмылдырылды. Қазіргі таңда «KAZ Waste Converrsion» ЖШС инженерлік техникаларымен (бульдозер, грейдер) жер бетін тегістеу, топырақ құнарын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 15 мамыр күні Алматы тұрғындары таңнан бері қала аспанын ыс пен түтін торлағанын айтып, шағымданған еді.

«16 мамыр күнгі түнгі сағат 2:30-да өртке қарсы қызметке Қарасай ауданына қарасты Әйтей ауылынан 7 шақырым жерде қоқыс полигоны жанып жатқаны туралы хабар түскен. Қатты тұрмыс қалдықтардан тұтанған өрттің аумағы бір гектарды қамтыды  деген болжам бар. Құрбан болған немесе зардап шеккендер жоқ», - делінген  Комитеттің мәліметінде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.