{metadescription}
«Eurovision-2019» байқауында Нидерланды әншісі жеңімпаз атанды

«Eurovision-2019» байқауында Нидерланды әншісі жеңімпаз атанды

Израильдің Тель-Авив қаласында «Eurovision-2019» ән байқауының гранд-финалы өтті.

Эфир бүгін сағат 01.00-де басталып, төрт сағатқа жалғасты.  Гранд-финалда 26 елдің әншілері өнер көрсетті. Олар 14-17 мамыр аралығында болған жартылай финалдық екі іріктеу кезеңінен сүрінбей өткендер.

Атап айтқанда, Мальта елінен Микела есімді әнші, Албаниядан - Джонида, Чехиядан - «Малави көлі», Германиядан - S!Sters, Ресейден - Сергей Лазарев, Даниядан - Леонора, Сан-Маринодан - Тамара Тодевска, Швециядан - Джон Лундвик, Словениядан - Зала Краль мен Гашпер Шантл, Кипрдан - Тамта, Нидерландыдан - Дункан Лоуренс, Грециядан Катерина Дуська, Изарильден - Коби Марими, Норвегиядан - KeiiNO, Ұлыбританиядан - Майкл Райс, Исландиядан - Хатари, Эстониядан Виктор Крон, Беларусьтан - Zena, Әзербайжаннан - Чингиз, Франциядан - Билал Хассани, Италиядан - Махмуд, Сербиядан - Невена Божович, Швейцариядан Лукка Ханни, Австралиядан - Кейт Миллер, Испаниядан Мики сахнаға шықты. 

Нәтижесінде, 492 ұпаймен Нидерланды әншісі Дункан Лоуренс жеңімпаз атанды. 465 балл жинаған италиялық әнші Махмуд - екінші, 369 ұпай алған Ресей әншісі Сергей Лазарев үшінші орыннан көрінді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде