Әйел автобуста босанып, енді қызы 18 жасқа дейін қоғамдық көлікте тегін жүреді
Барселонадан Брюссельге бет алған автобуста сәби дүниеге келді.
10:05 19.05.2019
Күнделікті рейс кезінде сағат түнгі 3:30-да жолаушы жүргізушілерге келіп, әйелі босанатынын айтқан. Олар ең алдымен, жергілікті жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалды. Кейін автобусты тоқтатып, дәрігерлерді күткен.
"Адамдардың біразы ұйықтап жатқан болатын. Жүргізуші мән-жайды түсіндірген соң , бәріміз автобустан шықтық", - дейді туристердің бірі.
Жарты сағаттан соң әйел аман-есен босаныпты. Сәби мен ата-анасын жедел жәрдем қызметі жақын маңдағы ауруханаға жеткізген, деп жазады sputniknews.kz. Кейін БАҚ өкілдері ата-анасы нәрестенің атын Зенеп деп қойғанын хабарлады. Ол кәмелеттік жасқа толғанға дейін компания автобустарымен тегін жүре алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!