Владимир Зеленский ресми түрде Украина президенті атанды
Украина президенті атанған Владимир Зеленский Жоғарғы Раданың салтанатты отырысында ант берді.
14:42 20.05.2019
Владимир Зеленский президент антын беріп, президенттік биліктің рәміздерін қабылдады. Ол Украина мемлекетінің көшбасшысы қызметіне ресми түрде кірісті.
«Зеленский Украина конституциясы мен Інжілге қолын қойып, ант мәтінін оқыды. Отырысқа қатысушылар президент антын түрегеп тұрып тыңдады. Осыдан кейін отырысқа төрағалық еткен Жоғарғы Рада төрағасы Андрей Парубий президент Зеленскийді Жоғарғы Рададағы Украина президентінің орнына жайғасуға шақырды», - делінген хабарламада.
Президент ретінде сөйлеген алғашқы сөзінде ол әр украиналықтың президент екенін атап өтті. Сондай-ақ, мемлекет басшысы баршаны заң мен тәртіпке бағынуға шақырды. Одан бөлек, Зеленский әлемнің әр бұрышында тұратын украиналықтарды елге оралуға шақырды.
Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Татьяна Слипачук Владимир Зеленскийге Украина президентінің куәлігін тапсырды. Конституциялық сот төрайымы Наталия Шаптала Владимир Зеленскийге Президент белгісін, шоқпар мен елтаңба мөрін берді. Сондай-ақ, Украина президенті сегізінші шақырылымдағы Жоғарғы Раданы тарататынын жария етті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!