{metadescription}
Ғалымдар баланы 30 жастан кейін тууға кеңес берді

Ғалымдар баланы 30 жастан кейін тууға кеңес берді

Осыдан 10-15 жыл бұрын әйелдер 22 жастан кешіктірмей бала тууыға тырысып еді, 2017 жылы босанушы әйелдердің орташа жасы 27,2 жасты құрады.

Ал Батыста әйелдер 30 жастан асып барып алғашқы сәбиін дүниеге әкеліп жатады. Мұның себебі неде? Дәрігерлер қолданатын «қартаю» термині жиі 26 жастан кейін ғана босануды жоспарлаған әйелдердің өздерін ыңғайсыз сезініп, қорқуына себеп болады. Сонымен қатар, үлкен буын өкілдері көбінесе «бірінші баланы 30 жасқа дейін туып алу керек» деп жатады. Бұл 2000-шы жылдарға дейін мансапты отбасын құрудан жоғары қойған әйелдердің жаппай бала туа алмағандарына байланысты айтылған.

Қазір үрдіс өзгерді. Қазіргі заманғы әйелдер табысты. Ол білім алуға және жақсы мансап құруға тырысады. Бірақ, барлығы 26 жасқа дейін оның бәріне қол жеткізе алмайды. Нәтижесінде, отбасын құру жас шектемесі және тұңғыш баланы дүниеге әкелу деген міндеті ығыстырылып отырады. Қазіргі заманғы әйелдер үшін отбасы – бұл «сенімділік» сөзінің синонимі.  Яғни, әрбір нәрсені, соның ішінде балалы болуды да мұқият ойластыру қажет.

Эмоционалды және психологиялық дайындық

30 жастан асқан әйелдер ана болуға жауапкершілікпен қарайды. Өмірлік тәжірибе оларға балаларды тәрбиелеу кезіндегі қиындықтармен оңай күресуге көмектеседі. Оларға тұрмыстық мәселелерді де реттеу оңай. Әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, 30 жастан кейін босанған әйелдерге балаларымен сенімді қатынас орнату жеңілірек.

Жас келген сайын адамдар психологиялық жағынан да басқаларға шыдамды және жағдайға тез бейімделгіш болып келеді. Ересек аналар балаларды сәбидің дамуына оң әсерін тигізетін салауатты психосәлеуметтік ортаға үйретіп, оларды физикалық түрде тәртіпке салуға тырысады. Олар балаларына көп ұрыспайды. Ал мұндай балалар психологиялық және әлеуметтік ауытқуларға көп ұшырамайды.

Денсаулық

2016 жылы АҚШ-та жүргізілген зерттеуге сәйкес, 25 жастан кейін алғаш рет босанған әйелдерде 20 жасында ана атанғандарға қарағанда 90 жасқа дейін өмір сүру мүмкіндіктері көп. Ал, 2014 жылғы зерттеу көрсеткендей, 95 жасқа дейін өмір сүрген әйелдердің ішінде 33 жастан кейін алғаш босанғандар 50%-ға көп.

Швецияда 1,5 миллион ерлер мен әйелдердің арасында өткізілген соңғы зерттеуге сәйкес, ата-анасының есейген шағында дүниеге келген балалардың жас ана босанған балаларға қарағанда денсаулықтары мықты және мектепте сабақты оқығандарын көрсетті. Сарапшылардың айтуынша, баланы 30 жастан кейін босану инсульт тәуекелін азайтады және әйелдің ағзасының жасаруына ықпал етеді.

Қаржылық жағы

30 жастан асқан әйелдер, әдетте, қаржылық тұрғыдан тәуелсіз болады. Демек, ол баланың денсаулығына тікелей байланысты пайдалы тамақтанудан бастап, оның жоғарғы білім алуы үшін көп нәрсе жасай алады, деп жазады stan.kz. Яғни қазіргі уақытта елеулі шығын болып есептелетін мәселелерді шешуге қабілетті болады.

30 жасқа қарай, әйелдерде әдетте, тұрғын үй мәселесі де шешілген, тұрақты жұмыс та бар. Себебі, қаржылық жағдай ата-аналардың психикалық жай-күйіне айтарлықтай әсер етеді. Ал, табыстың деңгейі неғұрлым жоғары болса, болашаққа деген сенім артады. Сондай-ақ, жағдайы жасалған аналар лайықты босану демалысын алып, баланың тәрбиесімен тыныш айналыса алады.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде