{metadescription}
Алматыда ер адам ойын алаңында өз-өзіне қол салды

Алматыда ер адам ойын алаңында өз-өзіне қол салды

Полицейлер оқиға орнынан тауып алған хатта ер адам неге мұндай қадамға барғанын жазып кеткен.

Үлкен Алматы өзені жағасындағы ойын алаңында 55 жастағы ер адам өз-өзіне қол салды. 21 мамырда әлеуметтік желіде алматылықтар жиі қыдыратын Үлкен Алматы маңында ер адам өз-өзіне қол жұмсады деген ақпарат тарады. Алматы қаласының полиция депатарменті бұл ақпаратты растады.

"Бұл факті 20 мамыр күні тіркелді. Ер адамның денесі Бостандық ауданы Набережная көшесіндегі аулалардың бірінен табылды. Өз-өзіне қол салған адам 1964 жылы туған. Оқиға орнынан хат табылды, ол өз өліміне ешкімді кінәламауды сұраған. Хатта өлімнің себебі жазылған, бірақ оны айтуға құқығымыз жоқ", - деді Алматы қаласы полиция депатарментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек .

Ол өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізілетінін атап өтті. Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған жоқ. 

Дереккөз: sputniknews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде