1 маусымнан дәрігерлердің жалақысы 30%-ға көтеріледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында медицина өкілдерімен кездесуі өтуде.
15:50 22.05.2019
Президент айтып өткендей, медицина саласының инфрақұрылымы айтарлықтай жаңарды. 219 жаңа аурухана, 1200-ге жуық жаңа заманауи емхана мен амбулатория салынды. Азаматтарымыздың өмір сүру ұзақтығы 6 жылға өсті. Бүгінде республикалық клиникалар бұрын тек шетелде ғана жасалатын күрделі операцияларды орындауда.
– Сапалы медициналық қызмет әрбір азамат үшін толық көлемде қолжетімді болуы керек. Дәрігер мамандығының мәртебесін көтермей, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мүмкін емес. Сондықтан 2019 жылғы 1 маусымнан бастап бюджет саласындағы жұмысшылардың жекелеген санаттары бойынша, оның ішінде дәрігерлердің жалақысы 30%-ға дейін көтеріледі. 2019-2021 жылдары еліміздің 7 өңірінде 10 медициналық ұйым құрылысына шамамен 120 миллиард теңге бөлінеді, – деді ҚР Президенті
Бұған дейін, 1 шілдеден бастап полицейлердің жалақысы 65%-ға өсетінін хабарлаған болатынбыз.
Дереккөз: Zakon.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!