Үш өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары мен Алматы қаласында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
16:42 22.05.2019
Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды. Жаңбыр жаууына байланысты 22-23 мамырда Алматы өзендерінде судың деңгейі көтеріліп, су тасқыны және беткейлік ағын болуы мүмкін. 23 мамырда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын жауып (жаңбыр, қар аралас жаңбыр), кей жерлерде найзағай ойнауы мүмкін.
Сондай-ақ, дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал. Батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. 23 мамырда Қостанай облысында таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с болатын жел соғуы ықтимал.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!