Семейде 2-сынып оқушысы суға кеткен баланы құтқарып қалды
ШҚО-да 2-сынып оқушысы өзінен кішкене баланы судан құтқарып қалды.
17:40 22.05.2019
Өзенге 4 жастағы бала құлап кетеді. Онымен бірге ойнап жүрген кішкентайлар ересектерді айғайлап шақырғанға дейін 8 жастағы Виктор кішкене баланы батырмай ұстап тұрыпты. Ал шығарып алуға өзінің шамасы жетпеген, деп хабарлайды Алтайньюс.
Виктор Новоселов – Семейдегі №40 мектептің 2 «А»-сыныбының оқушысы. Жас құтқарушыға мектеп оқушыларының алдында марапат қағазы табысталды. Айта кетейік, осыған дейін Батыс Қазақстан облысында екі адам суға кетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары