{metadescription}
Талдықорғанда қатты желден үйлердің шатыры ұшып, көліктер зақымданды

Талдықорғанда қатты желден үйлердің шатыры ұшып, көліктер зақымданды

Әлеуметтік желіде қатты желден кейінгі көріністер жарияланып жатыр.

«Қаратал және 9-шағынаудандарында көпқабатты үйдің, клубтың шатырлары  ұшты деген ақпарат кезекші бөлімге  келіп түсті. Қазір оқиға орнына мамандар кетті. Ақпарат расталғаннан кейін оқиға тіркелетін болады», -  деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Ал қазір әлеуметтік желіде қатты желден кейінгі көріністер жарияланып жатыр. Сурет пен бейнежазбаларда қаладағы ағаштардың сынғанын, шатырлардың ұшқанын анық көруге болады. Сондай-ақ «Toyota» маркалы көліктің үстіне шатыр жабындысы құлап, көлік қатты зақымдалған. Айта кетейік, 21 мамыр күні облыстық  ТЖД-і тұрғындарға смс хабарлама таратып, қатты жел соғатындығы жөнінде ескерткен болатын.

«22 мамырда Алматы облысының кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін деп ескертеді. Жел оңтүстік-батыстан ауыса отырып, солтүстік-батысқа қарай соғады. Кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с. Талдықорған қаласында күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел оңтүстік-батыстан ауыса отырып, солтүстік-батысқа қарай соғады, таңертең және күндіз екпіні 18 м/с» делінген ведомствоның таратқан  хабарламасында.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде