{metadescription}
Жолаушылар пойызы өртеніп кетті

Жолаушылар пойызы өртеніп кетті

Бейсенбі күні Болгария астанасы Софиядан Горна Оряховица қаласына бара жатқан жолаушылар пойызы елдің солтүстік-батысындағы Роман қаласының маңында өртенді.

Бұл туралы ХАА Nova TV телеарнасы хабарлайды. Алдын ала деректерге қарағанда, локомотивте жергілікті уақытпен 20:00 шамасында өрт тұтанған. Машинистер шұғыл түрде пойызды тоқтатып, отты сөндіруге кіріскен.

300-ге жуық жолаушының барлығы эвакуацияланды. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген. Оқыс оқиғаның егжей-тегжейі тексеріліп жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде